Елисей сарайының алдындағы жүздесуден соң Эммануэль Макрон мен Владимир Зеленский өзара келіссөздер жүргізген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Келіссөздерден кейін Макрон Францияның Украинаға қосымша 2 миллиард еуро көлемінде әскери көмек бөлетінін жеткізді.
Баспасөз конференциясы барысында Макрон "Ресей ешқандай алдын ала шартсыз 30 күндік атысты тоқтатуға келісуі тиіс" деген пікірін айтты.
Сонымен қоса Мәскеуді "соғысты жалғастыруға ұмтылып отыр" деп айыптады. Эммануэль Макронның ойынша, қазіргі сәт соғыс қимылдарын тоқтату үшін шешуші кезең саналып отыр.
Айта кетейік, бүгін Парижде бірнеше елдің басшысының қатысуымен Украина төңірегіндегі жағдайды талқылайтын саммит өтеді.
Бұған дейін бірнеше елдің Украинаны орта жолда тастамай, әскери көмекті жалғастыруға уәде бергенін жазған болатынбыз.