Ризабек Айтмұхан Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен күміс жүлдегер атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жартылай финалда ирандық Мохаммадмобин Азимимен белдескен отандасымыз қарсыласын тізе бүктіріп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ризабек Айтмұхан финалда жапониялық Араш Ёшидамен кездесті. Өкінішке қарай, Жапон спортшысы қазақстандық спортшыдан айласын асырып, бәсі басым түсті.
Осылайша біздің балуан қарсыласына 1:7 есебімен жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу