Наурызнама: 18 наурыз – Ұлттық киім күні

879

Бұл күн ұлттық киімге арналады. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді.  

Наурызнама: 18 наурыз – Ұлттық киім күні Фото: visitmangystau.kz

Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар, асыл тастар мен металдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететін.

Қазіргі модернизация дәуірінде ұлттық киім өз мәнін жоймай, бұрынғы дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, жаңа интерпретацияға ие болды. Ұлттық стиль ұлттық мінез пен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Наурызнаманың бұл күні – "Ұлттық киім күні" деп аталды. Ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық киім әрқашан өз құндылығын жоғалтқан емес. Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды ерекшелеп тұратыны анық. Бұл күнді ұлттық киім күні деп атауы бекер емес. Өйткені, дәл осы күні ұлттық киімдер мен сәнді бұйымдар көрсетілімі халық назарына ұсынылып, барлығы бір күнде ұлттық киім киеді.

Осы күні қала және барлық жерде түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар, асыл тастар мен металдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететін.

Бұл айтулы күні біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін мақтан тұтуға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу