Перизат Қайраттың жалған сұхбаты жарияланды: Оның артында кімдер тұр?

15368

Желіде су тасқынына жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайраттың жалған сұхбаты пайда болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Перизат Қайраттың жалған сұхбаты жарияланды: Оның артында кімдер тұр? Фото: instagram.com/01pk

Онда Перизат Қайрат Қаржылық мониторинг агенттігі таққан барлық айыптарды жоққа шығарады. Алайда Stopfake.kz басылымы мұны алаяқтардың кезекті айласы екенін мәлім етті.

"Посттың тақырыбы қызықты және онда Tengrinews.org "жаңалықтар сайтына" сілтеме жасалған. Мұқият қарасақ, сайттың домені ұлттық .kz емес, халықаралық .org екенін байқауға болады. Tengrinews жаңалықтар порталы .kz доменін пайдаланады. Қылмыскерлер неғұрлым сенімдірек болуы үшін қазақстандық интернет-басылымның басты бетін толығымен көшіріп алған. Сұхбат мәтінінде алаяқтар "пассивті кіріс" ұсына отырып, танымал қазақстандық банктің бағдарламасын жарнамалайды. Шын мәнінде, бұл бағдарламаның қаржы институтына ешқандай қатысы жоқ, ол қылмыстық схеманың бір бөлігі. Мұндай алаяқтық туралы біз бірнеше рет ескерткен едік", – делінген хабарламада.

Сұхбат мәтінінде алаяқтар "пассивті кіріс" ұсына отырып, танымал қазақстандық банктің бағдарламасын жарнамалайды. Шын мәнінде, бұл бағдарламаның қаржы институтына ешқандай қатысы жоқ, ол қылмыстық схеманың бір бөлігі болып табылады.

Киберқылмыскерлер жалған сайтта тез арада дивиденд төленетінін айтып, өтінім толтыруды ұсынады. Олардың қулығына түсіп қалмаңыз: күмәнді сауалнамаларды толтырмаңыз және оңай пайда табуды ұсынған бейтаныс адамдарға сенбеңіз.

Шындығында, белсендіге тағылған айыптар жоққа шығарылған жоқ, ал ақпараттың өзі алаяқтық схеманың бір бөлігі болып табылады. Алаяқтардың көздеген мақсаты – жеке деректеріңіз бен ақшаңызды иемдену үшін сізді жалған сайтқа тарту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу