ШҚО-дағы кәсіпорындарда биыл 80 жазатайым оқиға болды

347

Кінәлілерге қандай шара қолданылды?

ШҚО-дағы кәсіпорындарда биыл 80 жазатайым оқиға болды Фото: aikyn.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындарда жыл басынан бері 80 жазатайым оқиға болып, 15 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл өндірісте жарақат алғандар саны азайған.

"Жыл басынан бері облыста болған жазатайым оқиға салдарынан 92 жұмысшы зардап шекті. Оның ішінде, 15 адам ажал құшса, 47-сі ауыр, 30 адам жеңіл жарақат алған. Жалпы өндірістік жарақаттану деңгейі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға азайған", – делінген ақпаратта.

Тексеру қорытындыларынан кейін полицияға кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін 80 материал жолданды. 162 лауазымды тұлға тәртіптік және екі қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, алты қызметкер жұмысынан шеттетілді.

"Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстандағы 185 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша стандарттар енгізілген. Жалпы алғанда қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру мақсатында жасалған шарттары бар кәсіпорындардың жалпы саны 65,1% құрап отыр", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу