Қазақстанда балалар көзінің күрделі патологияларының хирургиясы жетілдіруде

7837

Алматы қаласының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы базасында Көз микрохирургиясы бөлімшесінде күрделі витреоретиналдық патологияларды хирургиялық емдеу басталады. 

Қазақстанда балалар көзінің күрделі патологияларының хирургиясы жетілдіруде Фото: AYALA

Бұл үшін бөлімше Constellation Vision заманауи лазерлік хирургиялық жүйесімен жабдықталды, шетелде күрделі офтальмологиялық ота жасауға маманданған орталықта 3 офтальмолог-хирург даярланды. Жобаны AYALA қайырымдылық қоры "Шеврон" компаниясымен бірлесіп іске асырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Витреоретиналды хирургия көз торының және шыны тәрізді дене ауруларының ауыр түрлері кезіндегі оталармен байланысты. Бұл көз хирургиясының ең күрделі саласы және бүкіл әлемде белсенді дамып келе жатқан заманауи медицинаның ең жоғары технологиялық бағыттарының біріне жатады.

Соңғы 10 жылда Қазақстанда түрлі жастағы балаларда көз торы мен шыны тәрізді дене патологиясының өсуі байқалады. Сондықтан Балаларға жедел медициналық көмек орталығындағы көз микрохирургиясы бөлімшесі жұмысының жетекші бағыттарының бірі шала туған нәрестелердің ретинопатиясына, отбасылық экссудативтік витреоретинопатияға, Коатс ретинитіне және көздің басқа да ауыр ауруларына байланысты ота жасау болады.

"Шеврон" компаниясы Қазақстандағы балалар офтальмологиясының озық қызметтерін дамытуға көрсеткен қолдауын мақтан тұтады. Медициналық мекемелерді жабдықтай отырып және мамандандырылған офтальмологтарды оқыта отырып, біз көздің күрделі патологиясы бар балаларды отанымызда жоғары сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге көмектесеміз. Бұл бастама біздің медициналық көмекке қолжетімділікті жақсартуға және қазақстандықтарды емдеу сапасын жақсартуға бейілділігімізді көрсетеді", - деп түсінік берді "Шеврон" компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Еркін Зікібаев.

Қазақстанда балалардың витреоретиналды және лазерлік хирургиясы бірнеше жылдан бері дамып келеді. Осындай оталарға мұқтаж көздің ауыр соматикалық патологиясы бар кішкентай балалардың көбеюіне байланысты олар Алматыдағы көпбейінді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының базасында ота жасай алады. Мұнда 2 айлық және одан жоғары жастағы балалар Делиде балалар витреоретиналды хирургиясы бойынша әлемге танымал маман профессор Нихил Палдан арнайы оқытудан өткен офтальмолог-хирургтер бригадасының қажетті хирургиялық емдеуінен өте алады.

"Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы балалар денсаулығын сақтауда инновациялық тәсілдерді дамыту мен енгізуді толығымен қолдайды. Сондай-ақ, біз халыққа мемлекеттік медициналық орталықтарда көрсетілетін алдыңғы қатарлы медициналық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуді қолдаймыз", - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиева.

Constellation Vision офтальмологиялық хирургиялық жүйесі көздің алдыңғы және артқы бөліктерінің түрлі патологиялары кезінде лазерлік және витреоретиналдық оталарды жүргізуге арналған заманауи медициналық кешен болып табылады. Ол шыны тәрізді дене мен тіндерді кесуге, көз бұршағын эмульсиялауға, көз алмасының артқы бөлігін жарықтандыруға, сондай-ақ қан кетуді тоқтату үшін диатермияны қолдануға және витреоретиналды оталар жасау кезінде қажетті басқа да ондаған манипуляцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.

"Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында 57 қазақстандық бала ата-аналарымен бірге витреоретиналды ота жасау үшін шетелге, Үндістанға және Ресейге баруға мәжбүр болды. Бүгінгі күні іске асырылған жобаның басты нәтижесі ретінде біз ата-аналардың осындай оталарды шетелде жүргізуге қаражат іздеу қажеттілігін жоюды санаймыз. Біз Қазақстандағы балалар офтальмологиялық қызметін дамытуға белсенді қатысуға қуаныштымыз және "Шеврон" компаниясына осы бағыттағы күш-жігерімізді қолдағаны үшін алғыс айтамыз", - деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу