Шымкент әкімінің Берденовке жасалған шабуылға пікір білдірмеу себебі айтылды

Оқ атылған уақытта әкімдік басшылығы жұмыс орнында болған.   

Шымкент әкімінің Берденовке жасалған шабуылға пікір білдірмеу себебі айтылды Фото: vera.kz

Мұндай тың ақпаратты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Оқиға болған орынға тез арада шықтық. Полиция, жедел жәрдем шақырылды. Руслан Берденов тез арада ауруханаға жеткізілді. Жасалған операция ұзақ уақытқа созылды. Қала әкімі, орынбасарларымен ота біткенше ауруханада болдық. Операция аяқталған соң ғана тарадық. Жағдайды толық бақылауда ұстадық. Полиция шұғыл әрекет жасап, күдіктіні ұстап, тез арада тергеу амалдарын бастап кетті. Медицина қызметкерлері де кәсіби біліктілік көрсетті. Қала әкімінің атынан полиция мен медицина қызметкерлеріне алғыс айтамын, – деді ол. 

Сәрсен Құранбек әкімдіктің бұған дейін неге түсініктеме бермегенін айтып өтті. Оның сөзінше, тергеу ғана нақты мәліметті ұсына алады. 

– Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Прокуратура тарапынан бақылауда. Бұл адамның қылмысқа не себепті барғандығын айта алмаймыз. Айтуға құқығымыз да, өкілеттілігіміз де жоқ. Тергеу амалдарының дұрыс жүргізілуі үшін ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Қылмыскердің бұл қылмысқа не үшін барғаны жайында неше түрлі әңгіме айтылып жатыр. Біздің білуімізше, оның ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Тергеу нақты мәліметті береді, – деді Сәрсен Құранбек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу