Трамп трансгендерлерді тағы бір рет "түйреп" өтті

АҚШ трансгендер спортшыларға енді виза бермейді. 

Трамп трансгендерлерді тағы бір рет "түйреп" өтті Фото: NPR

Бұл туралы inbusiness.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Трансгендерлер бұдан былай әйелдер арасындағы спорттық жарыстарда төбе көрсете алмайды. Оларға тыйым салатын жарлыққа Трамп қол қойып отыр. 

Жарлық негізінен мектеп, университет және әуесқой жарыстарға қатысты болмақ. 

– Енді әйелдер спорты тек әйелдерге арналады. Осы жарлықпен әйелдер спортына қарсы "соғыс" аяқталады, – деп мәлімдеген Трамп құжатқа қол қоймас бұрын. 

Сонымен қатар, АҚШ трансгендер спортшыларға виза беруден бас тартпақ. 

Трамп Халықаралық Олимпиада комитетін 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына дейін трансгендер спортшыларға қатысты ережелерін өзгертуге көндіретінін хабарлаған. 

Еске салайық, былтыр Трамп АҚШ үкіметі тек екі жынысты, яғни еркек пен әйелді ғана ресми түрде танитынын мәлімдеген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу