Түркістан облыстық соты іс ашық өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оtyrar.kz жазғандай, қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралады.
"Іс материалдарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары сотталушыға "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" (ҚК 24-бабы 3-бөлігі), "Кәмелетке толмаған адамды зорлау" (ҚК 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы), "Екi немесе одан көп адамды өлтіру" (ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 10, 14-тармақтары) қылмыстық әрекеттері бойынша айып тағып, сотқа жолдаған. Сотталушының өтініш хаты бойынша іс алқабилердің қатысуымен ашық сот отырысында қаралады", – деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.