Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы, аға лейтенант Нұржан Дүнбаев қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ЖКО-да қаза тапқан Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дүнбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады. Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді. Экипаждың екінші қызметкері патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін", - деп жазды ведомство басшысы.