Жетісуда жылдар бойы дизель ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

175

Жетісу облысы, Алакөл ауданында қылмыстық топ құрықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жетісуда жылдар бойы дизель ұрлаған қылмыстық топ ұсталды Фото: ult.kz

Олар бірнеше жылдар бойы тепловоздардан жанар-жағармай ұрлап келген. Қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты құрықтады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизодында әшкереленіп, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ға 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді. Жетісу облысы Алакөл ауданының № 2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды", – делінген Көліктегі полиция департаменті таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу