Қазіргі уақытта Qazaq Oil және "ҚазМұнайГаз" жанар-жағар май құю станцияларын басқаратын Petro Retail активінде 377 жанар-жағар май құю кешені жұмыс істейді. 2020 жылдың күзінде компания ребрендинг жасауға кірісті. Алғашқы жаңартылған станция сол жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында ашылды. Осылайша, бір жарым жыл ішінде компания олардың санын 152-ге дейін кеңейтті.
Ребрендинг процесі – бұл маңдайшаларды ғана ауыстыру емес, ЖМҚС асфальт бетонды жабынынан бастап жаңа бизнес-процестерді енгізуге дейінгі барлық жүйелерді толық жаңарту. Қазір Qazaq Oil-де еуропалық қызмет көрсету стандарттары жұмыс істейді, Gilbarco брендінің жоғары дәлдіктегі отын тарату бағандары орнатылған. Жанармай сапасы ай сайын мемлекеттік жүйеде аккредиттелген меншікті зертханаларда тексеріледі.
Бұл жерде клиенттер үшін сенімді серіктес болуға, ЖМҚС-ны бұрынғыдай түсінуден аулақ болуға және жанар-жағар май құю кешенінің заманауи форматына көшуге ұмтылады. Сондықтан сауда алаңдары да өзгерді. Халық кеңінен тұтынатын тауарлар ассортиментінен басқа, әркім кофе ішуге немесе хот-дог жеуге болатын гастро аймағы пайда болды.
Сонымен қатар Қазақстан бойынша жанармай құю станцияларының кең географиясы есебінен, тіпті елдің ең шалғай ауданда да әркім қаламен бірдей тауарлар мен қызметтерді ала алады.
"Біздің мақсатымыз – жанармай құю станцияларының аумағынан кеткісі келмейтіндей сервис деңгейіне жеткізу. Ыстық кофе, дәмді кондитерлік өнімдер, сыпайы қызмет көрсету, таза дәретханалар, Wi-Fi, тамақ ішуге де, ноутбукпен жұмыс істеуге де ыңғайлы орындар. Барлық жерде – ауылдық жерде немесе миллион тұрғыны бар қалада болсын, маңызды емес", – дейді компанияның атқарушы директоры Нариман Әбілшайықов.
Бір жарым жыл ішінде 152 жанармай құю станциясы – бұл компанияның қаншалықты сапалы тез өзгергендігінің көрсеткіші.
"Qazaq Oil – бұл жаңа жанармай құю станциясы, бренд, қабылдау, өзара қарым-қатынастың жаңа тарихы. Сондықтан бұл сан –көрсеткіш, "иә", бренд пайда болды, клиенттер оны жақсы қабылдады. Енді біз оны одан әрі дамытуымыз керек. Өйткені клиентті тарту қиын емес, маңыздысы бірлесіп әрекеттесу", – деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.
Бұл ретте Qazaq Oil ең алдымен жанар-жағар май құю кешені екендігін және клиент үшін сапалы отын өте маңызды екендігін ұмытпайды. Жасыратыны жоқ, Қазақстанда өнім бәрінде бірдей, барлық ЖМҚС тең жағдайда.
Сонда сапа қашан жоғалады? Жүру жолында, сақтау, тасымалдау процесінде және т.б. Сондықтан сапаны сақтап қалу үшін Qazaq Oil-де барлық жанармай резервуарлары, отын тарату бағандары, құбырлар ауыстырылды. Адамдар үшін бензиннің сапасы ғана емес, құю дәлдігі де өте маңызды. Осы мақсатта барлық ОТБ жаңартылды. Олар ең заманауи неміс өндірушісі Gilbarco ОТБ орнатылды, ол миллилитрге дейін құю дәлдігіне кепілдік береді. Израильдік компанияның барлық қалдықтарды, босату мөлшерін және т.б. қашықтан көруге және бақылауға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуі орнатылды.
Шағын орта бизнесті дамыта отырып Qazaq Oil шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жобаларды табысты жүзеге асыруда. Мұнда DODO (Dealer owned – Dealer operated) франчайзинг бағдарламасы іске қосылды. Серіктеске жаңа ЖМҚС салу немесе Qazaq Oil брендімен жұмыс істеп тұрғанды дамыту ұсынылады. Компания ЖЖМ әр литрінен ұзақ мерзімді келісімшарт пен сыйақы кепілдігін беруге дайын. Серіктес мұнай өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды сатқаннан кейін маржаның 60%-ына дейін алуға мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта Qazaq Oil 5 ЖМҚС DODO бағдарламасы аясында жұмыс істейді, оның екеуі Шымкент пен Түркістан облысында, үшеуі – Қостанай облысында.
Qazaq Oil өзінің тұрақты клиенттерін ерекше бағалайды. Олар үшін компания VLife адалдық бағдарламасын әзірледі. Қазір бағдарламаға 170000-нан астам адам тартылды, ал қосымшаны іске қосқан сәттен бастап пайдаланушылар 7 млн теңгеден астам сомаға отын мен басқа да тауарлар сатып алды.
Соңғы есептеулер бойынша ЖМҚС-тағы барлық транзакциялардың 30%-ы VLife қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаға қатысушылар 170-тен астам мерчанттан тауарлар мен қызметтерді сатып алу арқылы бонустар жинай алады. 2022 жылдың екінші жартысында байланыссыз жанармай құю станциясын іске қосу жоспарлануда. Яғни клиенттің таңдауы болады. Машинадан шықпай жанармай құю немесе бұрынғыдай дүкенге дейін бару. Бірінші нұсқада – бұл бонустық жүйе арқылы QR кодымен төлеу. Оны сканерлеп, жанармай маркасын, баған нөмірін таңдап, бонустық бағдарламаға тіркелген картамен төлеу жеткілікті болады.
Qazaq Oil жыл соңына дейін кемінде 50 жаңа ЖМҚС ашуды, осылайша олардың санын 200-ге дейін жеткізуді жоспарлап отыр.