Абдуқодир Хусанов "Манчестер Сити" сапындағы алғашқы голын соқты

338

Өзбекстандық футболшы Абдуқодир Хусанов Англия кубогының 1/16 финалы аясында "Лейтон Ориент" клубына қарсы өткен матчта "Манчестер Сити" сапындағы алғашқы голын соқты.

Абдуқодир Хусанов "Манчестер Сити" сапындағы алғашқы голын соқты Фото: web.mover.uz

Бірінші таймда "Манчестер Сити" шабуылшысы Штефан Ортеганың автоголынан кейін есеп ашылды.

Хусанов кездесудің 56-минутында көзге түсіп, есепті теңестірді. Ситилік ойыншылар бұрыштама добын орындап, кейіннен қорғаушы Рико Льюис айып алаңының сыртынан бірден қақпаға соққы жасады. Доп Хусановқа тиіп, қақпаға енді.

Екінші жеңіс голын 79 минутта "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне Джек Гриалиштің пасынан кейін соқты. Қорытынды есеп "қалалықтардың" пайдасына 2:1.

Хусанов "Манчестер Ситиге" осы жылдың қаңтар айында Францияның "Ланс" клубынан ауысып келген. Қорғаушы ағылшын Премьер-лигасының 23-турында "Челсиге" қарсы өткен матчта (3:1) "Сити" сапында дебют жасады. "Лейтон Ориентке" қарсы ойын оның командадағы екінші кездесуі болды.

Хусановтың клубпен қазіргі еңбек келісімі 2029 жылдың жазына дейін. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының қазіргі нарықтық құны 12 млн еуроны құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу