Финалдық жекпе-жекте 27 жастағы спортшы 19 жастағы жапондық Сачийо Йшиноға қарсы шығып, 10-1 есебімен жеңіске жетті.
Финалға дейін Әбужақынова шеберлігін көрсетіп, Мизуки Харада (Жапония), Жаклин Шпрингер (Австрия), Эмбер Герсджесті (Нидерланды) жеңді.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2022, 2024), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2021, 2022), 2023 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Линцтегі Гран-при турниріндегі бұл жеңіс Әбужақынованың жоғары деңгейдегі дайындығын және халықаралық ареналардағы мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.