Әкімдіктер елді мекендерден тыс жерлерде туристік инфрақұрылым салатын болады

602

Қазақстанның барлық өңірі туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие. 

Әкімдіктер елді мекендерден тыс жерлерде туристік инфрақұрылым салатын болады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы туризмді дамыту бойынша бірқатар тапсырма бергенін еске салды. 

"Еліміздің барлық өңірі туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие. Алайда оны тежеп отырған бірқатар мәселе бар. Осыған байланысты саланы одан әрі дамыту мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілуде. Тиісті заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде, оның ішінде ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу бойынша заңнамалық өкілеттіктер беру. Бұл – негізгі бастамалардың бірі. Аталған мәселе егжей-тегжейлі пысықталды", - деді ол.

Ербол Мырзабосынов мұндай қадам негізгі туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді деген пікірде.

Туристік дестинацияларда инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруға бағытталған жеке бюджеттік бағдарлама әзірленетін болады.

"Бұл ретте, өңірлерде туризмді дамытуға басымдық беру үшін жаңа құзыретпен қатар жеке туризм басқармаларын құру мәселесін қарастыру қажет. Қазір тек бес өңірде жеке басқарма бар, тағы екі өңірмен пысықталып жатыр", - деп атап өтті Туризм және спорт министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу