Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының талдауына сүйенсек, АҚШ еңбек нарығындағы көрсеткіштерінің төмендеуі құрама штаттардың қор нарығына жағымсыз әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Валюта нарығы
Бейсенбі күнгі сауданың нәтижесінде USD/KZT жұбы бір доллар үшін 469,04 теңгені (-0,99 теңге) құрады. Бұл ретте сауда-саттық көлемі 114,4 млн долларға дейін өсіп, жыл басынан бергі орташа күндік мәнге жақындады.
Айта кетерлігі, мұнай бағасының өсуі, сондай-ақ Ұлттық қор мен ХҚКО субъектілерінен шетел валютасының тұрақты сатылуы ұлттық валютаға қолдау болды. Ал қор нарығындағы тұрақсыздық, атап айтқанда құлдырау бойынша күтулері мен доллар бағамының өсуі әлемдік капитал нарықтарындағы инвесторлардың тәуекелден қашуының тағы бір толқынын тудырып, теңгеге қысым көрсетуі мүмкін.
7 қазан таңғы сессияда USD/KZT (10:39 ALA) жұбы бір доллар үшін 471,8 теңгемен саудаланды.
Қаржы нарығы
Қаржы нарығының индикативтік мөлшерлемелері бейсенбіде өзгеріссіз қалды. 6 қазан "овернайт" репо операциялары бойынша кірістілік жылдық 14,79%-ға (-4 б.б.) дейін төмендеді, ал бір күнге АҚШ долларына қатысты теңге өтімділігіннің құны жылдық 15,56% (-1 б.р.) деңгейінде тіркелді. Бейсенбіде депозиттік аукцион шеңберінде ҚРҰБ 14,5% кірістілікпен 232,0 млрд теңге (талап етудің 100%) орналастырылды. ҚҰБ операциялары бойынша ашық позиция нарық алдындағы ~3,3 трлн теңге қарыз деңгейінде қалуда.
Қор нарығы
6 қазан KASE индексі қалыпты өсім көрсетіп, 3 125,24 тармаққа (+0,8%) жетті. Kaspi-ден басқа (-0,4%) өкілдік тізімдегі барлық компаниялардың акциялары сұранысқа ие болды. Бұл ретте "Қазатомөнеркәсіп" (+3,0%) және БЦК (+2,4%) үлестік қағаздары өсімнің негізгі көшбасшылары. Сонымен қатар сауда жабылғаннан кейін "ҚазТрансОйл" Fitch Ratings компанияның несиелік рейтингін BBB- деңгейінде, тұрақты болжамын сақтап қалғанын хабарлады, бұл бүгінгі аукционда оның акцияларының тартымдылығын арттыруы мүмкін.
Әлемдік нарық
Өткен тәулікте АҚШ-тың жетекші қор индекстері айтарлықтай төмендеді (0,7-1,2%-ға) Оған еңбек нарығы туралы негізгі есептің жариялануы бойынша күтілулер себеп. Инвесторлар қызығушылығының төмендеуіне АҚШ-тағы жұмыссыздық туралы деректер ықпал етті. Ол өткен аптада 29 000-ға өсіп, 219 000-ға жетті.
Bloomberg мәліметінше, сарапшылар жағымсыз көрсеткіш орта есеппен 204 000-ға дейін өседі деп болжады. Егер АҚШ-тың алда жарияланатын жұмыссыздық туралы көрсеткіштері төмен болса, қор нарықтары рецессияға ұшырайды деген болжамдар нарықты құлдыратуы ықтимал.
Мұнай нарығы
6 қазан ОПЕК+ мұнай өндіруді қысқарту туралы шешінен кейін, сондай-ақ АҚШ-тағы жанармай қоры туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін аталған шикізет бағасы өсті. Энергетика министрлігі өткен аптада мұнайдың коммерциялық қоры 1,8 млн-ға өсуі ықтимал деген болжамымен салыстырғанда 1,4 млн баррельге азайғанын, сонымен бірге елдегі жанармай мен дистиллят қорының қысқаруы 4,7 және 3,4 млн баррельді құрады. Бұл ретте сарапшылар көрсеткіш 1,1 және 1,5 млн-ға ғана төмендейді деп күтілуде. Энергетикалық ресурстар саласындағы норвегиялық Rystad Energy консалтингтік компаниясының өкілдері әлемдік нарықтағы мұнай ұсынысының төмендеуі, оның ішінде сұраныстың өсуі Рождествоға дейін бағаны барреліне 100 долларға дейін қайтаруы мүмкін деп есептейді.
Ресей рублі
Мәскеу биржасында бейсенбі күнгі сауданың нәтижесінде USDRUB бағамы бір доллар үшін 60,9 рубльге дейін көтерілді (+1,2%). Шетел валютасын сатып алуға қызығушылық өсуде. Себебі шектеулерге сәйкес ресейлік экспорт айтарлықтай қысқармақ. Сонымен қатар санкциялардың сегізінші пакеті мұнайға шекті баға белгілеумен қатар, ЕО-мен саудаға тосқауыл қоймақ.