Әли Ахмедов WBC Silver титулы үшін айқасады

305

Бүгін, 28 ақпан Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бокс кеші өтеді. 

Әли Ахмедов WBC Silver титулы үшін айқасады Фото: WBC

Бокс кешінің басты оқиғасы – қазақстандық Әли Ахмедов (23-1, 17 КО) пен польшалық боксшы Мацей Сулецки (32-3, 12 КО) арасындағы жекпе-жек болмақ. Қарсыластар екінші орта салмақтағы WBC Silver белбеуін сарапқа салады.

Бұл кештің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі. Басталуы – Астана уақытымен 19:00.

Сондай-ақ осы бокс кешінде қазақстандық Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) те жекпе-жек өткізуі керек еді. Алайда ол денсаулығына байланысты кездесуден бас тартты.

Тағы бір қазақстандық спортшы Қуат Хамитов пен ресейлік Мариф Пираев арасындағы жекпе-жек те өтпейтін болды.

Естеріңізге сала кетейік, Ахмедов соңғы жекпе-жегін 18 қаңтарда АҚШ-та өткізіп, екінші раундта америкалық Малколм Джонсты (17-4-1, 10 КО) нокаутқа түсірген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу