Араб елдері Қазақстанға 7 млрд доллар инвестиция салмақ

1055

Болашақта қаржыландыру көлемін ұлғайту жоспарлануда. 

Араб елдері Қазақстанға 7 млрд доллар инвестиция салмақ Фото: primeminister.kz

Астанада Ислам даму банкі, Сауд Арабиясының даму қоры, ОПЕК халықаралық даму қоры, Кувейт экономикалық даму қоры және Абу-Даби даму қоры секілді ұйымдарды біріктіретін Араб үйлестіру тобының отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуге ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Ислам даму банкі тобының президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассер, Араб инвестициялық қорлары мен еліміздің мемлекеттік органдары, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысқан.

Кездесуде Араб үйлестіру тобының Қазақстандағы инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруына қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ кездесуде көлік, энергетика, су ресурстары, денсаулық сақтау салаларындағы жобалар таныстырылды.

Кездесу қортындысы бойынша Араб үйлестіру тобының Қазақстан экономикасына ұзақ мерзімді тікелей инвестициялардың сомасы бастапқы кезеңде 7 млрд долларды құрайтыны айтылған. Болашақта қаржыландыру көлемін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ислам даму банкі арасында келіссөздерге қол қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу