Аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына енді

289

Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі (OCA) жариялады.

Аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына енді Фото: Азия ТВ

Қауымдастықтың (AММА) хабарлауынша, ММА спортын Азия ойындары бағдарламасына қосу оның өсіп келе жатқан жаһандық ықпалын және спортты осы деңгейге жеткізу үшін спортшылардың, шенеуніктердің және ұлттық бірлестіктердің қажырлы еңбегін көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спортшылар өздерінің физикалық дағдыларын ғана емес, сонымен қатар аралас жекпе-жек өнеріндегі тәртіпті, ынта және жігерін де көрсетеді.

Жарыс келесі салмақ категориялары бойынша өтеді:

Ерлер:

Дәстүрлі стил: 65 кг, 77 кг

Заманауи стил: 60 кг, 71 кг

Әйелдер:

Дәстүрлі стил: 60 кг

Заманауи стил: 54 кг

Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары 2026 жылы 19 қыркүйектен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қаласында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу