"Астана" мен "Ордабасы" келесі кезеңге өтті, "Тобыл" Конференция лигасындағы жорығын аяқтады

316

"Астана" Алматыда өткен Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойында молдовалық "Милсамимен" кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астана" мен "Ордабасы" келесі кезеңге өтті, "Тобыл" Конференция лигасындағы жорығын аяқтады Фото: SMI24.kz

Бірінші тайм қауіпті сәттермен тең дәрежеде өтті. Екінші кезеңнің басында Ян Вороговский қонақтардың қорғанысын бұзып өтіп, онда Марин Томасов қақпаға баспен дәл соққы жасады. Содан кейін Име Ндон екінші сары қағаз алып, "Милсами" 10 ойыншымен қалды. Нәтижесінде "Астана" жеңісті сақтап қалды – 1:0.

Турнирдің үшінші турында "Астана" Еуропа лигасының екінші туры аясында кездесетін Корвинул (Румыния) — Риека (Хорватия) командаларының жеңімпазымен кездеседі.

"Ордабасы" футболшылары Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Люксембург "Дифферданж" командасымен қарымта ойын өткізді.

Шымкентте өткен кездесудің негізгі уақыты 3:2 есебімен бірінші ойында 0:1 есебімен жеңілген алаң иелерінің пайдасына шешілді. 15 минуттан тұратын экстра-таймда командалар бір-бір голмен алмасты. Ал Бауыржан Исламхан пенальтиден мүлт кетті. Сонымен қатар, "Дифферданж" сапынан Леандро Борхес 105-минутта алаңнан қуылды. Бірақ пенальтиде ордабасылықтар жеңіске жетті – 4:3. Үшінші айналымда шымкенттіктер Арменяның "Пюник" командасымен кездеседі. Матчтар 8 және 15 тамызға жоспарланған.

Ал Тобылдықтар Швейцарияның "Санкт-Галлен" командасынан екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіліп, Конференция лигасынан шығып қалды. Қарымта ойын Қостанайда өтіп, 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Матчтағы жалғыз голды 73-минутта Мұстафа Сиссе соқты.  Швейцариядағы бірінші ойын да "Санкт-Галленнің" жеңісімен (4:1) аяқталды. Швейцариялық ұжым үшінші айналымда латвиялық "Рига" мен польшалық "Сласк" арасындағы команданың жеңімпазымен ойнайды. Осылайша "Тобыл" конференция лигасындағы жорығын аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу