Астанадағы сауда орындарының толымдылығы жалға беру бағасымен қатар төмендеп барады

25387

Жаңа ойыншылардың келуі сауданың жылжымайтын мүлік нарығына осылайша әсер етті.

Астанадағы сауда орындарының толымдылығы жалға беру бағасымен қатар төмендеп барады

Қазақстанның елордасындағы мың адамға арналған сауда орнының көлемі 688 шаршы метр деп бағаланып отыр. Осы арада Гонконгтегі көрсеткіш 600 шаршы метрге, ал Лондондағы көрсеткіш 850 шаршы метрге тең екенін айта кеткен жөн. Сауда орталықтарының шектен тыс көп болуы олардың толымдығын  төмендетіп жібереді. Егер былтыр бос сөрелер көлемі 2% деп бағаланған болса, қазір ол 4%-ға тең. Жыл соңына қарай бос орын деңгейі 5%-ға дейін жетеді. FORUM ASTANA  компаниясының серіктесі Лев Тетин abctv.kz-ке Астанадағы сауданың жылжымайтын мүлік нарығы жайындағы болжаммен ой бөлісті.

Ауданы 140000 шаршы метрді  алып жатқан жаңа ірі ойыншы  – Mega Silk Way-дың келуін нарыққа осылайша әсер етуде деп отыр. Бұл жалға беру мөлшерлемесінде де көрініс табуда. Жылдың басынан бастап жалға беру құны 8%-ға төмендеген. Келесі жылы деволеперлер Астанада жалпы ауданы 205000 шаршы метр болатын төрт сауда орталығын ашуды көздеп отыр. Осыған сәйкес 2018 жылы сауданың жылжымайтын мүлік нарығындағы бос орындардың өсу тренді  мен жалға беру құнының төмендеуі одан әрі жалғасатыны анық.

"Осы жылы жалға алушылар үшін сауда орындарындағы шаршы метрдің бағасы 6-8%-ға төмендеді, ал келер жылы 10%-ға дейін төмендейді. Егер үш жыл бұрын жалға беру мөлшерлемесі валютамен есептелген болса, қазір девальвациядан кейін барлығы валюталық дәлізге көшіп жатыр, яғни валютаны ең көп және аз мәні теңгемен немесе айналымнан түсетін пайызбен бекітілуде. Мысалы, егер дүкеннің бір айдағы сауда айналымы миллион теңге болатын болса, онда ол жалға берушіге осы айналымның 5%-ын төлейді", – деп атап кетті Лев Тетин.

Нарықта жаңа ритейлдердің пайда болуы – тұтынушылардың өзге орындарға ауып кетуін арттырады. Жаңа сауда орталықтарына ұмтылушылықты ескерсек, жалпы сауда орталықтарына бас сұғатындардың бағдары өзгеретін болады.

Сондай-ақ өткен жылдары орын алған валюталық өзгеріс кезеңінен кейін халық ақшаны босқа шашқаннан гөрі үнемдеуді жөн көреді. Арзан тауарлар тобы бар сауда желілері танымалдыққа ие  бола бастады. Ал тұтынушылардың жаңашыл таңдауына барлық ойыншы бірдей бейімделе алмады. Соңғы екі жылда сауда желілерінің жабылғанын да байқауға болады. Олардың  қатарында  Green Мart, "Мегаспорт", Lush, Kira Plastinina сияқты сауда желілері бар.

 "Барлығы өнімді сатып алатын мақсатты аудиторияға байланысты. Егер қазіргі уақытта тұтынушының сатып алу тренді төмендеп, сауда жасауы азайып жатқан болса, онда сауда желілері мұны түсініп, азық-түлік түрін өзгертуге тырысып жатыр. Мысалы, қазір Small, КеңMart, Cotton және басқалары жақсы дамып келеді. Одар белсенді түрде экспансия жасауда, өйткені олардың өнімі қазіргі таңда сұранысқа ие және 100% өнім Орталық Азияға тиесілі. Тұтынушылардың көбісі орташа сегменттен орташа төменге түсіп, арзан тауарларды сатып алатын болған. Сондай-ақ Leroy Merlin, Decathlon, Auchan, "Снежная королева", "Глория Джинс", "Фамилия" сияқты халықаралық операторлар да қазақстандық нарыққа шығуды жоспарлап отыр", – деді Лев Тетин.  

Сарапшының пікірі бойынша, тұтынушылардың таңдауының өзгеру тенденциясы келесі жылы да жалғасатын болады. Сондықтан тұтынушының таңдауын дәл тауып, соған бейімделе білген ритейлдер ұтатын болады.

Гүлназ Ермағанбетова, Динара Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу