"Атырау" футбол клубы қайтадан мемлекет меншігіне өтті

360

Мемлекет меншігіне қайтарудың негізгі себебі: шетелдік ойыншылар (легионерлер) санының күрт артуы себеп болған. Соның кесірінен ішкі кадрлар мен жасөспірімдер футболын дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбеген.  

"Атырау" футбол клубы қайтадан мемлекет меншігіне өтті Фото: kff.kz

Атырау облысы прокуратурасының ұсынысы негізінде "Атырау" футбол клубы қайта мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың хабарлауынша, шешім басқару бойынша тиімділікті арттыруға, қаржылық ашықтыққа және аймақтың спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

2018 жылғы ақпан айынан бастап клуб "Атырау" кәсіпқой спорт клубы" қоғамдық қорының сенімгерлік басқаруында болды. Алайда кейінгі жылдары оның қызметінде бірқатар жүйелі проблема болды: басшылық құрамы жиі ауысты, спорттық нәтижелер тұрақсыз болды, бюджет ашық емес және сенімді есеп те болмаған.

Енді мемлекет басқаруымен клубты кезең-кезеңімен реформалау жоспарланып отыр.

Ведомство негізгі бағыттар: басқару тұрақтылығын қамтамасыз ету, ашықтықты арттыру, жасөспірімдер футболын қолдау және ұзақ мерзімді даму стратегиясын қалыптастыру болатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу