Алматы қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Азия чемпионатының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құрлықтық дода алғаш рет Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен өткізіліп отыр.
Қазақстандық хоккейшілер бірінші турда Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті.
Ойын барысында кореялық хоккейшілер 20-минутта есеп ашса, оған 23-минутта Борисевич таразы басын теңестірді.
Ал 24-минутта қайтадан кореялық құрама қайтадан алға шықса, үшінші кеезңде олар тағы екі шайба соғып кетті.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.
Сондай-ақ аталған турда Жапония құрамасы Қытайды 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Енді ел құрамасы 8 қарашада Қытай құрамасымен шеберлік байқасады. Одан кейін 9 қарашада Жапониямен ойнайды.