Қазақстандық боксшы Балауса Мұздиман 5 сәуірде Астанада өтетін бокс кеші аясында рингке қайта оралады.
Оның қарсыласы халықаралық аренада жеңістерге жеткен америкалық Розалинда Родригес болмақ. Ол жеңіл салмақта WBC International титулының иегері.
Бұл жекпе-жек ірі бокс кеші аясында өтеді. Кеште Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенге қарсы жекпе-жек өткізіп, орта салмақтағы WBO және IBF әлем чемпионы титулдарын қорғайды.
Балауса Мұздиман үшін бұл 2024 жылғы желтоқсаннан бері алғашқы жекпе-жек. Ол уақытта бұрымды боксшымыз Астанада өнер көрсетіп, Үндістан өкілі Сушила Виратты нокаутпен жеңді.
Розалинда Родригеске тоқталар болсақ, ол соңғы рет 2024 жылғы 27 қазанында Атлантада рингке шыққан. Розалинда Нидерландыдан келген Эми Наертпен кездесіп, жеңіске жетті