28 ақпанында астаналық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчында тольяттилік "Ладаны" сырт алаңда жеңді. Ойын буллит сериясында 3:2 есебімен аяқталып, бұл "Барысқа" тоғыз матч қатарынан болған жеңілістер сериясына нүкте қоюға мүмкіндік берді.
Бірінші кезеңде командалар шайба алмасып, Никита Михайловтың голына "Барыс" Кирилл Панюковтың дәл соққысымен жауап берді. Үшінші кезеңде Роман Старченко қонақтарды алға шығарды. Бірақ негізгі уақыттың аяқталуына екі минут қалғанда Александр Волков есепті теңестірді. Овертаймда жеңімпаз анықталмады. Ал буллит сериясында "Барыс" жеңіске жетті.
Осылайша "Барыс" Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 31 ұпаймен 12-орында қалып, плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды. Ал "Лада" 47 ұпаймен конференцияда 10-орында тұр.
"Барыс" келесі матчын 2 наурыз күні сырт алаңда Челябі қаласындағы "Тракторға" қарсы өткізеді.