"Барыс" жеңіліс сериясын бұзып, мәскеулік "Динамодан" басым түсті

651

Қазақстандық команда соңғы сегіз ойында бірде-бір ұпай еншілеген жоқ. 

"Барыс" жеңіліс сериясын бұзып, мәскеулік "Динамодан" басым түсті Фото: vesti.kz

Қазақстандық "Барыс" командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде "Динамо" (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында командалар жылдам гол соғуға тырысты. Дегенмен бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде әріптестері Әлихан Өмірбеков пен Әлихан Әсетовтің берген пасын Антон Бурдасов голға айналдырып, "Барысты" алға шығарды. Ол 59-минутта бос қалған қақпаға гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша "Барыс" қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, сегіз ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі екі ойынын қатарынан сырт айдында өткізеді.

Алдымен 19 желтоқсанда Қытайдың "Куньлунь Ред Стар" (Бейжің) командасымен кездессе, 21 желтоқсанда Ресейдің "Трактор" (Челябі) клубтарымен шеберлік байқасады.

Елордалық команда турнир кестесінде 22-орынды місе тұтып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу