Бүгін 1 қыркүйек – Білім күні!

593

Еліміздің барлық өңірлерінде білім беру ұйымдары өз есіктерін айқара ашуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін 1 қыркүйек – Білім күні! Фото: gov.kz

Мемлекет білім сапасын арттыру, балалардың білім алуы үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Осы қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды.

Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50 пайызға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады.

87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алуда. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі – "Қауіпсіздік сабағы" енгізілуде.

Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу