Бүгін Олимпиаданың іріктеу турнирінде қазақстандық 3 боксшы рингке шығады

832

Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын іріктеу турнирінде бүгін 3 боксшымыз шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Олимпиаданың іріктеу турнирінде қазақстандық 3 боксшы рингке шығады Фото: olympic.kz

Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде "қазақтың" салмағы атанып кеткен – 69 келіде Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңға шығады.

Абылайхан Жүсіповпен бірге екі боксшы аруымыз да өнер көрсетеді.

Атап айтар болсақ, қыздарымыздан 69 келідегі Валентина Хальзова Оңтүстік Корея өкілі Сюен Чоимен жұдырықтасады. 75 келідегі Надежда Рябец өзбекстандық Навбахор Хамидовамен кездеседі.

Үш боксшымыз да Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталатын кешкі сессияда өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ғалымбек Кенжебаев баптайтын ерлер құрамасынан үш боксшы шаршы алаңға шығып, үшеуі де алғашқы айқастарын жеңіспен бастаған болатын. Олар – 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин, 81 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Бекзат Нұрдәулетов және 75 келі салмақта жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл.

Ал Ерік Алғабек жаттықтыратын қыздар командасынан алғашқы жарыс күні екі боксшы қызымыз алғашқы жекпе-жектеріне шығып, екеуі де бірінші айқастарында қарсыластарынан ұтылды. Атап айтсақ, лицензия үшін таласты бірінші болып бастаған Дәметкен Келімбет (57 келі) қытайлық Инь Юнхуаға жол берсе, Римма Волосенко (60 келі) үндістандық Симранджиткаур Бааттан жеңілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу