Мектеп оқушыларына қатысты бұрын-соңды болмаған жаңалық енгізілді

28734

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки қандай ғылыми Олимпиадалардың жеңімпаздары "Болашақ" бағдарламасының бакалавриатына түсе алатынын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мектеп оқушыларына қатысты бұрын-соңды болмаған жаңалық енгізілді Фото: canva.com

Мұндай шара дарынды жастарды қолдауға және елдің адами капиталын дамытуға бағытталған.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы мақұлданды.

"Бағдарлама аясында гранттарды беруді республикалық комиссия жүзеге асырып келеді. Осы механизм білім Олимпиадасының жеңімпаздарына да сақталады. Талапкерлер жеңімпаз атанғанын растайтын дипломды қоса тапсырады. Одан кейін олардың өтініштерін ұлттық тәуелсіз комиссия қарап, барлық шешімдер республикалық комиссияның қарауына жіберіледі. Осы орайда "Болашақ" арқылы оқуға жіберуге шешім қабылданады", – деді Дархан Ахмед-Заки.

Оның айтуынша, талапкерлер үшін жоғары оқу орындарының тізімі "Болашақ" бағдарламасының басқа да үміткерлерімен бірдей болады.

"Ең бастысы, осы жерде Олимпиадалардың қосымша тізімі анықталады. Бұл тұрғыда маңызды Олимпиадалар қамтылады, яғни физика, математика, информатика және инженерия бойынша халықаралық олимпиадалар", – деді вице-министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу