6 сәуірде Атырауда "Атырау" мен "Қайрат" командалары арасында матч өтті. Ойын алматылық клубтың 4:1 есептегі жеңісімен аяқталды. Бұл матчта Дастан Сатпаев дубль жасаса, Жоржиньо мен Становев бір-бір голдан соқты.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев дубльден бөлек бір нәтижелі пасымен көзге түсті. Ал жергілікті команданың құрамында жалғыз голды Цветелин Чунчуков соқты.
Сол күні, Астанада Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясында "Елімай" мен "Ұлытау" арасында кездесу өтті. Бұл ойында семейлік клуб 3:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары – Плакки, Мүлич және Жұмаханов.
Тағы бір матчта "Ақтөбе" өз алаңында "Қайсарды" ірі есеппен жеңді. Ойын 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Гол авторлары Бағдат Қайыров, Дархан Бердібек, Идрис Умаев және Оралхан Өміртаев. Қонақтар сапынан жалғыз голды Айбар Жақсылықов соқты.
Осылайша, 4-турдың қорытындысы бойынша 10 ұпай жинаған "Қайрат" көш бастап тұр. "Ақтөбеде" де 10 ұпай болғанымен қосымша көрсеткіштер бойынша екінші сатыға жайғасты. Ал үздік үштікті 10 ұпаймен "Астана" түйіндеп тұр.