Матчтар 12-13 немесе 13-14 қыркүйек күндері өтеді.
Нақты қай күндері және ойын өтетін қаланы қарсылас тарап кейінірек анықтайды. Жеңіске жеткен команда келесі командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Бұл Қазақстан мен Корея ерлер ұлттық құрамасының үшінші кездесуі болмақ.
Қазіргі уақытта есеп 1:1. 2010 жылы қазақстандықтар өз алаңында кореялықтарды 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Оның алдында, 2007 жылы Корея құрамасы Қазақстанды өз жерінде дәл осындай 5:0 есебімен жеңген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу