Дінмұхамед Райымқұлов Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

468

Еуропа кубогында әлемнің 8 елінен келген спортшылар бақ сынады.

Дінмұхамед Райымқұлов Еуропа кубогының жеңімпазы атанды Фото: kazsports.kz

Швейцарияның Айроло қаласында фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогы кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Дінмұхамед Райымқұлов үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді.  

Бұл жеңіс Дінмұхамедтің халықаралық аренадағы алғашқы ірі жетістіктерінің бірі. Ол өзінің жоғары шеберлігі мен табандылығын көрсетіп, Қазақстанның фристайл спортының дамуына үлес қосуда. 

1. Дінмұхаммед Райымқұлов – 96.58
2. Максим Кузнецов – 96.23
3. Дмитрий Котовский – 85.30

Айта кетейік, бұған дейін Дінмұхамед наурыз айында Швейцарияның Энгадин қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, командалық есепте 7-орынға тұрақтады. Команда құрамында Аяна Жолдас және Асан Асылхан да болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу