Душанбе Қазақстанда құрастырылған қытайлық жеңіл көліктерді алып жатыр

Артур Мискарян Артур Мискарян
6145

Автокөліктердің бірінші партиясы Қостанайдан Душанбеге аттанды.

Душанбе Қазақстанда құрастырылған қытайлық жеңіл көліктерді алып жатыр

Қостанайдағы "СарыарқаАвтоӨндіріс" зауытында құрастырылған 55 JAC автокөлігінен тұратын партия  "Холдинг Азия групп Тәжікстан" ЖАҚ үшін тиеліп қойғанын хабарлайды AllurGroup компаниясының баспасөз қызметі. 24 маусым күні Қостанайдағы зауыттан Душанбеге JAC S3 кроссоверлері тиелген бес вагон жіберілді.

Бұл партияның құны 600 мың долларды құрайды, жалпы Қостанайдағы зауыттан Тәжікстанға 1000 JAC автокөлігін жеткізу жоспарланып отыр. Жіберілген партиядағы бір автокөліктің шамамен есептелген құны 10,9 мың долларды құрайды.

Жобаның құны 10,5 млн долларға бағаланып отыр. Бұдан бұрын AllurGroup автокөлік және әуе тасымалымен айналысатын "Азия Групп Тәжікстан" холдингімен жалпы құны 24 млн долларға екі мың автокөлік жеткізу туралы келісімге қол қойған болатын. Тәжікстан Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді таскопаркті жаңартуға пайдаланбақшы.

AllurGroup екі мың автокөлікті 2018 жылдың соңына дейін жеткізіп үлгереміз деп отыр. "Kazakh Export" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ мәмілені қаржылық сақтандыру жағын өз міндетіне алады.

"Экспорттық сауданы қаржыландыру құралы отандық өндіруші зауытқа сатып алушылар үшін кешенді ұсыныс жасауға мүмкіндік берді, яғни тауар жеткізумен қоса қаржыландырылады", – деп мәлімдеді "Kazakh Export" ЭСК" АҚ-ның басқарма төрағасы Руслан Ысқақов.

AllurGroup келтірген мәліметке сүйенсек, биылғы жылдың бес айында Қазақстанда құрастырылған 341 автокөлік экспортқа шығарылды.  Көліктің жаңа модельдерін жасау қолға алынғандықтан жыл басынан бастап "СарыарқаАвтоӨндіріс" зауытындағы өндірістің өсімі 440%-ды құрады дейді компаниядағылар. Әзірге Қостанайдағы зауыт ұсақ торапты құрастыру, дәнекерлеу және автокөлікті бояумен айналысатын Қазақстандағы жалғыз зауыт болып отыр.

Мамыр айында Қазақстанның тағы бір компаниясы – "Азия Авто" зауыты автокөлігін экспортқа шығарған болатын. Өскеменнен Қытайға Lada 4x4 маркалы 204 автокөлік жіберілген еді, бұл кәсіпорынның жалпы өндірісінің 7%-ын құрайды.

Әйгерім Сүлейменова, Артур Мискарян

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу