Нұрәділ Әлжан дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды

422

Ақтөбедегі Қазақстан чемпионаты сенбі және жексенбі күндері жалғасады.

Нұрәділ Әлжан дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды Фото: @kaz_judoteam

Ақтөбе қаласында дзюдодан ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты алғашқы жарыс күнінің қорытындылары белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызу өткен дода барысында күтпеген нәтижелер де болмай қалған жоқ.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта әскерилер арасында әлем чемпионы Нұрқанат Серікбаев Талғат Орынбасардан ұтылып, жүлдесіз қалды. Ал, финалда қостанайлық Нұрәділ Әлжан тағы бір фаворит, 2023 жылы Астанада өткен Grand Slam турнирінің жеңімпазы Мағжан Шамшадинді қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.

Сондай-ақ, 66 келіге дейін салмақта биыл Загребте өткен Гран-при додасында үздік шыққан Жанарыс Рахметқали жарыс жолынан ерте шығып қалды.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өз салмақ дәрежелері бойынша мына спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Әйелдер

– 48 кг:

1. Диана Буркеева (Жетісу облысы),

2. Сабина Юлдашбекова (Шымкент),

3. Зарина Хуснадин (Алматы),

3. Аружан Данайбек (Жамбыл облысы).

– 52 кг

1. Толғанай Әбеуова (Ақмола облысы),

2. Аружан Ережепова (Алматы облысы),

3. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы),

3. Шара Шугаева (Алматы).

Ерлер

– 60 кг:

1. Нұрәділ Әлжан (Қостанай облысы),

2. Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы),

3. Нұргелді Қанат (Маңғыстау облысы),

3. Алдияр Қарғұлов (Қарағанды облысы).

– 66 кг:

1. Ержан Еренқайыпов (Астана),

2. Ердаулет Бозжа (Қызылорда облысы),

3. Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы),

3. Мирас Жонысов (Ақтөбе облысы).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу