ЕАЭО аясындағы өзара саудада доллардан бас тартуға әлі ертерек

20621

Бұл үрдіс одақ валюталарына сенімнің артуына негіз болып табылатын төмен инфляцияға тірек бола отырып, эволюциялық әрі бизнес үшін тиімді жолмен жүруге тиіс.  

ЕАЭО аясындағы өзара саудада доллардан бас тартуға әлі ертерек

Еуразиялық экономикалық одақ ішінде мемлекетаралық өзара есеп айырысуларда ұлттық валюталарды қолданудың өсімі төмен инфляцияның қажеттілігіне келіп тіреледі, деп мәлім етті "Еуразиялық интеграция" ХІІ халықаралық конференциясында сөз алған РФ орталық банкі төрағасының орынбасары Ксения Юдаева.

"Ресейде және ЕАЭО бірқатар елдерінде инфляцияның төмендегенін байқап отырмыз. Бұл осы бағыттағы бірінші маңызды фактор. Егер біз төмен инфляцияны және соның есебінен ұлттық валюталарға жоғары сенімді қамтамасыз ете алмасақ, онда өзара есептесуде ұлттық валюталарды дұрыстап пайдалана алмаймыз, және де ЕАЭО елдерінің ұлттық жүйелердегі долларланудың жоғары көрсеткіші сол күйі қала бермек", – деп түсіндірді банкир.

Сондай-ақ ол одаққа мүше елдердің реттеушілері осы бағытта ілгерлеп келе жатқанын атап өтті. Оның пайымдауынша, ЕАЭО аясында өзара сауданы долларсыздандыру үрдісі ең алдымен коммерциялық құрылымдар үшін пайдалы болуға тиіс. Тек сонда ғана өзара есептесулерде ұлттық валюталарды пайдалануды арттыру бағытында өздігінен туындайтын өсімге қол жеткіземіз, деп атап өтті Юдаева ханым.

Стратегиялық әзірлемелер орталығы (СӘО) кеңесі төрағасының орынбасары және РФ бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин де оның сөзін қоштайды. Алайда ол рубльдің аймақтық валюта болғанын қалайды.

"Рубльден өзге валюталар [ЕАЭО мүше елдер] конвертацияланбайды. Мүше елдер арасында сауда көлемі 2012 жылы 67 миллиард доллар, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 42 миллиард болды. Бұл рубль мен өзге валютаны елдер арасындағы валюта, үлкен көлемде айырбас үшін резервтік валюта ретінде алдыңғы орынға шығаратындай көлем емес", – деп түсіндірді өз ұстанымын ол.

Ресей девальвация секілді сындарлы сәтті өткерді және мұнайға тәуелділік және геосаяси сынақтарға байланысты мұндай валюта өзара саудада ыңғайлы бола алмайды.

"Рубль осындай валютаға айналуы үшін, Ксения [Юдаева, РФ ОБ төрағасының орынбасары] айтқандай, инфляцияны төмендетіп, қатаң макропараметрлер енгізіп және біздің валютамызды әлсірететін мұнай мен конъюнктураға тәуелділікті азайтуға тиіспіз. Бұл тек Ресейдің емес, Қазақстан үшін мәселе болып отыр", – деп атап өтті спикер.

Стратегиялық әзірлемелер орталығы өзі дайындаған Ресейдің даму стратегиясында экономика 3-4 пайыз өсім беру үшін шикізаттық емес экспорт 2023 жылға дейін екі есеге артуға тиіс деп көрсеткен. 15 жылдың ішінде шикізаттық емес экспортты үш-төрт есе арттырсақ қана оның көлемі шикізаттық экспортпен теңесіп, ол Ресей экономикасының әртараптандырылғанын көрсетпек, деп санайды Кудрин.

Қаржыгердің айтуынша, интеграция Ресейдің болашақта өсу қарқынын айқындайтын маңызды бес орынның біріне енеді, өйткені ол халықаралық саудада басты жолнұсқаушы болып табылады.

"Егер біз саудадан барлық алуларды, оның ішінде тарифтік емес реттеулерді жойсақ, біздің есептеуіміз бойынша, ЕАЭО ішінде сауданы алғашқы бірнеше жылда 25 пайызға арттыра аламыз. Одан өзге елдер де ұтады. Армения – 6%-ға дейін, Беларусь – шектеулердің азаюынан ЖІӨ-ге шаққанда 12,5% шамасында, Қырғызстан – 7,5%. Қазақстан мен Ресей – 1% шамасында. Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықты арттыру және бұл одаққа үлкен сеніммен қарайтынын көрсету үшін осындай қадамға баруға тиіс. Мысалы, екі елдің мемлекеттік сатып алуларына қатысуға рұқсат беру керек", – деп атап өтті РФ бұрынғы қаржы министрі.

Ресейде мемлекеттік сатып алудың көлемі есебінен ЕАЭО кеңістігінде рубльді пайдалануды ынталандыруға болады. Сонымен қатар жаңа санкциялар да рубльді пайдаланудың өсіміне ықпал етуі мүмкін, деп санайды Кудрин мырза.

"Үш әлде төрт күн бұрын санкциялық жаңа тізім жарияланды. Ресейде оған аса мән беріп отырған жоқ. Бұл жаңа, әлдеқайда сапалы, өте қатаң санкциялар. Қараңыздар, кәсіпорындардың саны алдыңғы тізімдегіден де аз деп жатыр. Осы тізімге іліккен кәсіпорындарға басқа талаптар қойылып отыр. Ескі тізім бойынша тек америкалық компанияларға ғана ресейлік компаниялармен ынтымақтасуға тосқауыл қойылса, енді АҚШ әлемнің кез келген компаниясы ресейлік компаниямен операция жасасса, санкциялық тізімге ілігетінін мәлімдеді. Олар жаңа бір шиеленісті тудырып отыр. Қазір ол санкциялардың қалай әрекет ететіндігі анықталуда. Бұл біздің өзге елдермен қарым-қатынасымызды шектейді, сондай-ақ тізімге аты мәлім ірі компаниялар да іліккен. Сондықтан интеграциямызға да сынақ болғалы отыр. Осыған байланысты РФ есеп айырысуларда рубльді пайдалануға мәжбүр болады. Бәлкім, ол аймақаралық саудада рубльді пайдалануға мәжбүрлі итермелеуі мүмкін", – деп атап өтті СӘО басшысы.

Дегенмен, қаржыгер ЕАЭО-ның сыртқы саудасын долларсыздандыру эволюциялық жолмен жүруге тиіс екендігіне сенімді.

"Бұл мәселеде әкімшіліктік тәсілдемені қолдансақ, ол дегеніміз халықты қазіргідей транзакциялық және бағамдық тәуекелдерге жаңа салық салғанымыз болып табылады", – деп түйді сөзін ол.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу