ЕАЭО елдері доллардан бас тарта бастады

19566

2016 жылдың қорытындысы бойынша одаққа мүше елдердің сыртқы саудадағы өзара есеп айырысуының 75%-дан артығы ұлттық валютада жасалған, ал оның басым бөлігі рубльге тиесілі.

ЕАЭО елдері доллардан бас тарта бастады

Соңғы үш жылда Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің  сыртқы сауда бойынша өзара есеп айырысудағы ұлттық валютаның үлесі 62,7%-дан 75,3%-ға өскен. Аbctv.kz  танысқан  Еуразиялық даму банкісі жанындағы интеграциялық зерттеу орталығының "ЕАЭО аясындағы өзара есеп айырысудағы ұлттық валюта: кедергілер мен келешегі" баяндамасында осындай қорытынды жасалған.

Нәтижесінде негізгі салмақ америкалық долларға түсті. Егер 2013 жылы ЕАЭО елдерінің барлық сыртқы саудасының үштен бір бөлігі доллармен жасалған болса, 2017 жылға қарай бұл көрсеткіш 19,3%-ға дейін түскен деп отыр Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК).  Америкалық долларды ресейлік рубль ығыстырған. Ресейлік рубльдің ЕАЭО-ның сыртқы саудадағы өзара есеп айырысудағы үлесі осы кезеңде 61,8%-дан  74,1%-ға жеткен.

"Ресейді есептемегенде, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында сауда мен қызметке төлем жасауда доллар басым валюта болып отыр. Негізінен Беларусь елінің Ресейден басқа елдермен есеп айырысудағы үлесінің шамамен 50%-ы, ал Қазақстан мен Қырғызстанның есеп айырысуының 80%-ға жуығы долларға тиесілі", – деп жазылған ЕАДБ баяндамасында.

ЕАЭО елдері арасында түсімдер мен аударымдарда рубльді қолдану үлесі шектік мәнінен асып, тиісінше 60% және 70% болған.

"Зерттеу жүргізу барысында рубль негізінен шағын аударымдар жасау үшін қолданылғанын атап кеткен жөн. Ал үлкен ақша аударымдары доллармен жасалған, – деп баяндама авторлары Ресей орталық банкіне сілтеме жасады. – Бұл рубльдің құнын сақтауы резервтік валюталарға қарағанда әзірге әлсіз екенін көрсетеді".  

ЕАЭО-ның Қазақстанның сыртқы саудасындағы ұлттық валюта үлесі 2013-2016 жылдары 18%-дан 22%-ға өскен. Бұл көрсеткіштің өсуіне импорт құрылымындағы есептердің долларсыздануы үлес қосқан болатын. Қазақстанның импортқа жасалған барлық шығынының 29%-ы одақ елдерінің валютасымен жасалады.

2017 жылы Қазақстандық экспорт үшін жасалған валюталық түсімдер құрылымы доллармен 79%, рубльмен 13%, еуро және теңге бойынша 3%, басқа валютада 2% болған. Импортқа жіберілген шығынның 55%-ы доллармен, 27%-ы рубльмен, 14% -ы еуромен, 2% -ы теңгеде және 1%-ы басқа валютада болған.

Баяндама авторлары ЕАЭО елдерінің экономикасын әртараптандырудың өсуінен өзара есеп айырысудағы ұлттық валюта үлесі одан әрі өсетін болады деп болжам жасап отыр. Олардың ойынша Беларусь елінің сыртқы саудадағы долларлық есеп айырысу үлесі шамалы ғана болып отырған валюта құрамы осының нақты көрінісі бола алады.

Дегенмен де ЕАЭО-ның өзара есеп айырысуындағы рубльдің үлесі басым болғанына қарамастан, ЕАДБ сауалнамасы көрсетіп отырғандай, сарапшы-стратегтер қандай да бір валюталық одақ құру туралы шешім қабылдау әлі ерте, сондықтан "өзара өсу" қағидасын ұстанған дұрыс екенін айтты.

"Валюталық бірігу "экономикалық базистік" біргуден кейін болуы керек. Тіпті ЕАЭО-дағы жалпы тауар нарығы әлі қалыптаспаған, тауар айналымында маңызды рөл атқаратын номенкулатура бойынша көптеген алып тастаулар мен шектеулер бар. Жалпы капитал нарығы енді ғана дамып келеді. Еңбек нарығы дамудың бастапқы кезеңінде. Мұндай жағдайда кез келген валюталық бірігуі  оқиғасы ортақ нарықты дамытуды жылдамдатпайды, керісінше, қосымша қауіп төндіруі мүмкін", – деп баяндамада келтірілген

Сауалнамаға қатысқан сарапшылардың кейбірі өнеркәсіп, АӨК және инфрақұрылым сияқты салалардағы "жобалық-инвестициялық тәсіл" ЕАЭО-ның бірігуінің жаңа драйвері болуы мүмкін деп отыр. Сауалнамаға қатысушылардың 52%-ы стратегиялық инвестжобалар өзара есеп айырысудағы ұлттық валютаның рөлін күшейту факторы рейтингісінде көшбастап тұрғанын атап кеткен.

"Егер "ЛУКОЙЛ"-дың "Теңізшевройл" ЖШС-ның миноритарлық пакетіне салым жасағанын есептемесек, ЕАЭО елдерінің өзара трансшекаралық инвестициялық қоржынының көлемі шамалы ғана. 2015 жылдың соңына қарай жинақталған өзара қоржындық инвестициялар көлемі тек 0,5 млрд долларға ғана жеткен. Өзара инвестиция жасаудың мұндай деңгейі елеулі өзгеріс жасай алмасы анық, тіпті ЕАЭО елдерінің ұлттық валютасына деген болжамдық сұранысты да жасай алмайды", – деп толықтырады баяндама авторлары.

Олар ЕАЭО елдерінің ұлттық валютасының үлесі табиғи факторлармен, яғни біріккен экономиканың даму деңгейі, шикізатты қолдану және шаруашылық байланыстардың әртараптану деңгейінің төмендігімен, ЕАЭО және басқа елдер кеңістігінде трансшекаралық қаржылық-инвестициялық процестердің даму деңгейінің жеткіліксіз болуынан анықталған бірқатар шектік мәнге жеткен шығар деп отыр.

Сауалнамаға қатысқан жекелеген сарапшылар өзара есеп айырысудағы ұлттық валютаның одан әрі өсуі рубльдің рөлінің артуын, сондай-ақ одақтың басқа да ұлттық валюталары есебінен артуын  көрсетеді деп отыр. 

Баяндама авторлары мұндай мақсаттың болуы – ЕАЭО-ның ішкі өзара есеп айырысудағы ұлттық валюта үлесі одақ елдерінің экономикалық дамуына зиян келтіреді деп болжауда.

 "Керісінше, ЕАЭО ұлттық валюталарын қолданатын экономикалық агенттердің транзакциялық шығындарын төмендетуге әкелетін, сондай-ақ олардың рөлін, эконмиканың тиімділігін арттыруға, біріккен процестерді дамытуға бағытталған іс шараларды іске асыру дұрыс болады", – деп қорытындылады баяндама авторлары.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұ лтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу