Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

302

Сюзан Ламенс 2024 мансабында алғаш рет Осакада өткен WTA 250 турнирінің чемпионы атанғанын ескерер болсақ, алдағы матчтың айқын фавориті Елена Рыбакина екені сөзсіз. 

Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды Фото: Жеке парақшасынан

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның (№7) Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA-1000 турниріндегі алғашқы қарсыласының есімі белгілі болды.

Екінші айналымдағы кездесуде Рыбакина бірінші айналымда чех теннисшісі Мари Буузкованы (№50) ұтқан нидерландылық Сюзан Ламенске (№64) қарсы шығады – 3:6, 6:3, 6:3.

Рыбакина мен Ламенстің кездесуі 9 наурызға жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева да (№20) Индиан-Уэллстегі турнирді екінші айналымнан бастайды.

Оның қарсыласы аргентиналық Мария Карледен басым түскен чехиялық Катерина Синякова (№59) болады – 6:2, 6:1. Путинцева мен Синякова арасындағы ойын да 9 наурызға жоспарланған.

Турнирдің жүлде қоры 8 миллион 963 мың 700 долларды (4 миллиард теңгеден астам) құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу