Елге қайтарылған заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

956

Қайтарылған 12 млрд теңге әлеуметтік жобаларға жұмсалатыны айтылды. 

Елге қайтарылған заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр? Фото: inbusiness.kz

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында заңсыз қайтарылған активтерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер спикерден реестрге енген адамдардан қайтарылып жатқан 177 млрд теңгеге қандай жобалар іске асырылатынын, ол тізім неге жарияланбайтынын сұрады.

"Жақында ғана Үкімет осыған қатысты мәлімет берді. Ол жақтағы ақша мемлекеттің бірінші кезектегі басым міндеттеріне жұмсалады. Бұл әлеуметтік тұрғыдан бағытталатын қаражат", - деді Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев. 

Айта кету керек, осыған дейін мемлекетке 177 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу