Елімізде 5 мыңнан астам трактор мен комбайн шығарылды

710

Соңғы 5 жылда өндіріс көлемі 4 есеге өсті. 

Елімізде 5 мыңнан астам трактор мен комбайн шығарылды Фото: canva.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жыл басынан бері 5 мыңнан астам трактор мен комбайн шығарылғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауыл шаруашылығы машиналары секторында соңғы 5 жылда өндіріс көлемі 4 есеге өсті. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары отандық техникамен, оның ішінде әлемдік CLAAS, Horsch, Deutz Fahr брендтерінің Қазақстанда өндірілген заманауи техникасымен қамтамасыз етілген. Биыл әлемдік нарықтың көшбасшылары Amazone және Zoomlion компаниялары елге тартылды. Сонымен қатар, трактор кабиналары мен комбайн бункерлері сияқты ірі бөлшектердің өндірісі іске қосылды", – деді министр Үкімет отырысында.

Бұдан басқа өндірушілер мен қосалқы өндірістер арасында кооперация жолға қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу