Финалдық 5-кезең жаппай спринтпен аяқталып, жалпы классификацияда өзгерістер болмады.
Осылайша, Лопес 2-кезеңнен кейінгі көшбасшылық позициясын сақтап, турды жеңіспен аяқтады.
"Тур Даун Андерде" құлағаннан кейін қайта бабымда екенімді дәлелдегім келді. Соңғы 4 жылда команда маған көп мүмкіндік берді, мен осы жеңіспен сенімді ақтадым деп ойлаймын. Бұл менің кәсіби деңгейдегі алғашқы жеңісім, әрі бұл тек бастамасы болады деп сенемін!" – деді Лопес.
Елордалық команданың тағы бір өкілі Диего Улисси де жарыста барын салды.
Ол аралық спринттерде бонус секундтарын жинаса да, бұл оған жеңіс тұғырына көтерілуге жеткіліксіз болды. Диего жалпы есепте 4-орын иеленді. Сондай-ақ, "Қызыл жейде" киіп, ұпай классификациясының жеңімпазы атанды.
Глеб Сырица шешуші спринтте 3-орынды иеленіп, командаға тағы бір жүлде сыйлады.
XDS Astana Team велошабандоздары Грекиядағы жарыстан елге олжалы оралды.