Енді мектеп оқушылары "Болашақ" бағдарламасымен шетелде білім ала алады

626

"Болашақ" бағдарламасы бойынша гранттар мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. 

Енді мектеп оқушылары "Болашақ" бағдарламасымен шетелде білім ала алады Фото: assembly.kz

Мәжіліс отырысында депутаттар "Болашақ" бағдарламасын кеңейту туралы норманы қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бағдарлама бойынша мектепте халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеңіске жеткен талапкерлерге шетелде бакалавриатта білім алуға мүмкіндік беру ұсынылады. Бүгінгі таңда "Болашақ" бағдарламасы тек магистратура мен докторантураға арналған.

"Жетекші шетелдік университеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына бірден бакалавриатқа грант ұсынады, соның нәтижесінде олар шетелге кетіп қалады. Осы кезеңде біз тиісті қолдау ұсына алмадық, сондықтан біз жиі мұндай дарынды жастардан айырылып қалдық. Олар тек шетелде білім алып қоймай, кейін сол жақта қалып қоятын еді", – деп түсіндірді Аймағамбетов.

Аймағамбетов алдағы уақытта жағдай өзгеретінін және елімізде жас таланттарды ұстап қалуға көбірек мүмкіндік пайда болатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу