Енді шетелдік туристер алаяқ такси жүргізушілеріне алданбайтын болды

712

Оның алдын алу үшін QR код жүйесі жасалды. 

Енді шетелдік туристер алаяқ такси жүргізушілеріне алданбайтын болды Фото: depositphotos.com

Туризм және спорт министрлігі TravelStan бірыңғай мобильдік қосымшасын жасау туралы бастама көтеріп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда туристке қызметтерді брондауға қажетті барлық сервисті біріктіретін бірыңғай экожүйе қарастырылмаған. Сондықтан TravelStan бірыңғай мобильдік қосымшасын жасау туралы бастама көтерілді.  Оның негізгі функционалы – жасанды интеллектке негізделген көмекші. Яғни, туристерге қонақ үйді брондау, билеттерді сатып алу, гидтер мен маршруттарды табу, такси шақыруға көмектесетін және басқа да қызметтерді бір цифрлық кеңістікте біріктіретін қосымша болады. Аталған жоба Цифрлық даму министрлігімен алдын ала келісілді. Енді оны қаржыландыру мәселесін қарастырып жатырмыз", - деді министр Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында.

Ербол Мырзабосынов әзірге жылдам шешім ретінде туристерге арналған QR код жүйесі енгізіліп жатқанын айтты.

"Кейде туристер келген бетте такси, байланыс, валюта айырбастау сияқты қызметтерден алданып қалып жатады. Оның алдын алу үшін QR код жүйесі жасалды. Оның ішінде такси, электронды СИМ-карта, қонақ үй брондау, негізгі ақпарат пен тіркелу қызметтері жинақталды", - деді ол.

Бұл QR кодтар еліміздің 4 қаласында, яғни Астана, Ақтау, Түркістан және Шымкент қалаларында орналастырылған.

"Қазіргі таңда аэропорттар QR кодтарды орналастыру үшін қосымша қаражат сұрап отыр. Осыған орай тәжірибені кең тарату үшін тиісті әкімдіктер мен Көлік министрлігінің қолдауы қажет. QR кодты барлық әуежайларға, вокзалдар мен шекара өткелдеріне орналастыру керек", - деді Туризм және спорт министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу