Харбин-2025: Хоккейшілеріміз жарыс жолына шығады

328

Харбиндегі қысқы Азия ойындарындағы хоккей турнирінің басты фавориті – Қазақстан құрамасы. 

Харбин-2025: Хоккейшілеріміз жарыс жолына шығады Фото: sportrbc.ru

2025 жылғы қысқы Азия ойындарының ресми ашылуы 7 ақпанға жоспарланған. Алайда кейбір спорт түрлерінің қатысушылары жарыстарын бұған дейін бастайды.

Олардың қатарында хоккей турнирі де бар. Қазақстан хоккейден алтын медальдан басты үміткер екенін де айта кетейік.

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы "А" тобына түсіп, Қытай, Жапония, Корея, Таиланд және Қытай Тайбэйімен бір топта өнер көрсетеді. Қазақстан өзінің алғашқы матчын 4 ақпанда Таиландқа қарсы өткізеді.

"А" тобынан барлық алты команда ширек финалға шығады. Оларға "В" және "С" топтарынан ең үздік екі команда қосылады. Кейін жартылай финалдар өтеді. Одан кейін үшінші орын үшін матч және финалдық кездесулер жоспарланған

Матч кестесі:

4 ақпан, 13:00 – Таиланд – Қазақстан

5 ақпан, 17:00 – Қазақстан – Қытай

7 ақпан, 06:00 – Қазақстан – Қытай Тайбэй

8 ақпан, 09:00 – Жапония – Қазақстан

10 ақпан, 09:00 – Қазақстан – Оңтүстік Корея

11 ақпан – Ширек финалдар

13 ақпан – Жартылай финалдар

14 ақпан – Үшінші орын үшін матч және финал

Қазақстандық спортшылардан Харбиндегі алғашқы жарысты әйелдер хоккей құрамасы бастайды. Олар бүгін Гонконг командасымен кездеседі. Матчтың басталуы – 16:30.

Қазақстанның әйелдер құрамасы B тобында өнер көрсетеді. Алғашқы екі орын алған командалар A тобына өтеді, ал Жапония мен Қытайдың құрамалары әлемдік рейтингке сәйкес бұл топқа автоматты түрде жіберіледі. Төрт команда айналмалы жүйе бойынша бір-бірімен кездесіп, жүлделер топтағы орындарға сәйкес бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу