Бар-жоғы бір жылдың ішінде қазақстандықтар жинақ ақшасын 895,2 млрд теңгеге көбейтті. Бұл Қазақстандағы барлық банктердің жылдық өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
"Сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғаны үшін мың алғыс! Біз сүйікті клиенттеріміздің сеніміне үлкен жауапкершілікпен қараймыз және күткеніңізден асып, ары қарай технологиялық және инновациялық сервистерімізбен қуанту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз".
Қазақстандағы ең танымал Kaspi Депозитті Kaspi.kz мобильді қосымшасында санаулы ғана секундта ашуға болады. Салымның ең аз сомасы бар-жоғы 1 мың теңгені немесе 10 долларды құрайды. Тиімді сыйақы мөлшерлемесі – теңгемен жылдық 15% және АҚШ долларымен 1%.