"Каспий мұнай" 13 млрд теңге айыппұлға қатысты мәлімдеме жасады

1121

"Атамекен" ҰКП мен "Каспий мұнай" АҚ Президент аппараты мен Жоғарғы сотқа өтініш дайындап жатыр. 

"Каспий мұнай" 13 млрд теңге айыппұлға қатысты мәлімдеме жасады Фото: АО Каспий Мұнай

5 тамыз күні Атырау облысының прокуратурасы Ұлттық қор 13,6 млрд теңгеге толықтырылатыны туралы релиз шығарды. Бұл "Каспий мұнай" АҚ қалдықтарды жинақтау лимиттерінің жоқтығына байланысты төлеген айыппұлға қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған релиз бойынша "Каспий мұнай" келесідей түсініктеме береді.

Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Атырау облысында мұнай өндіруді жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, бекітілген жобалау құжаттары және уәкілетті органдар берген рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.

"Каспий мұнай" АҚ мұнай өндіру көлемі бойынша елдің жер қойнауын пайдаланушылардың ондығына кіреді және 2022 жылдың қорытындысы бойынша барлық компаниялар арасында елдің 20-шы ірі салық төлеушісі. Соңғы 10 жылда өндірісті дамытуға 69 млрд теңге салынды және 551 млрд теңге салық аударымдары төленді (бұл 1,6 млрд долларға тең). Компания "өндірілген мұнайдың 1 тоннасына төленген салықтар" көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылар арасында екінші ірі салық төлеуші (бірінші орында ТШО компаниясы, үшінші орында – Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг). Бұл ретте "Каспий мұнай" АҚ өндірген мұнайдың 50%-ын ішкі нарыққа жеткізеді. 

2016-2019 жылдар кезеңінде компания Қазақстандағы алғашқы Smart Field Airankol жобасын іске асырды, оның аясында мұнай өндірудің барлық дерлік процесті цифрландырылды, бұл өндіруді, шығарындыларды және өндірістің басқа да көрсеткіштері мен кезеңдерін онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жоба бірнеше марапаттарға ие болды, соның ішінде Digital Almaty конференциясындағы үздік цифрлық шешім деп танылды. Сондай-ақ, жобаға ҚР Президенті мен ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері лайықты баға берді.

Компания шетелдік қызметкерлерді тартпай-ақ 270-тен астам қазақстандықты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Барлық қызметкер жалақыларын уақытылы алады, оларға Қазақстанның ірі компаниялары деңгейінде әлеуметтік пакет қамтамасыз етіледі, ал кен орнында жұмыс істеу және тұру жағдайларын өте жақсы деуге болады. Мердігерлік жұмыстарды орындау үшін әрдайым қазақстандық компаниялар тартылады, тауарларды сатып алу кезінде жергілікті тауар өндірушілерге де басымдық беріледі. Сонымен қатар компания өңірге, Атырау облысының тұрғындарына әрдайым әлеуметтік көмек көрсетеді.

"Каспий мұнай" АҚ Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес қызметті жүзеге асырады, белгіленген мерзімдерде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін қоршаған ортаға әсер етуге қажетті рұқсаттарды алады және жобалау құжаттарында және эмиссияларға рұқсаттарда белгіленген эмиссияларға лимиттерді сақтайды. Жер қойнауын пайдаланушы ретінде компанияны уәкілетті мемлекеттік органдар үнемі тексеріп отырады.

"Каспий мұнай" АҚ-да қоршаған ортаға әсер етуге және эмиссияларға лимиттердің сақталуына рұқсат беру құжаттарының болуына қарамастан, табиғат қорғау прокуратурасы тиісті тексерусіз, компаниядан қалдықтардың жиналмағаны туралы тиісті құжаттар мен дәлелдемелерді сұратпай, Атырау облысының Экология департаментіне қалдықтардың рұқсатсыз жиналуы бойыншп "Каспий мұнай" АҚ-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізді. Табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысы негізінде тағы да дәлелдемелерді тексеру, жинау және талдау жүргізбестен, Атырау облысының экология департаментімен "Каспий мұнай" АҚ 2024 жылғы наурызда қалдықтарды рұқсатсыз жинағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кету керек, экология департаменті бұрын  "Каспий мұнай" АҚ-ның қызметіне жеке тексеру жүргізіп, оның шеңберінде кен орнына барған және оның нәтижелері бойынша қалдықтардың жиналуын анықтамады.

Хаттама мен қаулы ҚР ӘҚБтК 328-бабының 1-бөлігі бойынша, атап айтқанда "Қоршаған ортаға теріс әсер ететін қолданыстағы объектіге жаңадан берілген экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асыру" үшін ресімделді. Яғни, компания қалдықтарды рұқсатсыз жинады деп айыпталды, бұл ретте хаттама рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асырғаны үшін ресімделді.

Сот талқылауы аясында "Атамекен" ҚР ҰКП және "KAZENERGY" қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы "Каспий мұнай" АҚ-ны жауапқа тартудың заңсыздығы туралы өз қорытындыларын берді. Бірақ сот бұзушылықты ӘҚБтК-нің 328-бабының 1 бөлігінен 6 бөлігіне қалдықтардың жинақталу лимиттерінің бұзылуынан ғана қайта жіктеді.

Уәкілетті органдар да, сот та компания ұсынған дәлелдемелерді зерттеген жоқ, бұл кен орнының аумағында бұрғылау қалдықтары жиналмайтындығын көрсетеді. Ұңғымаларды салу процесінде бұрғылау қондырғысының технологиялық ыдыстарынан пайда болған бұрғылау қалдықтары кен орнының аумағынан дереу әкетіледі және уәкілетті органдар рұқсат еткен осы үшін арнайы бөлінген аумақтарда кәдеге жарату және одан әрі көму үшін мамандандырылған ұйымға беріледі. Бұл деректерді жүкқұжаттар, бұрғылау компаниясы және қалдықтарды шығару және кәдеге жарату компаниясы растайды. 4 мың тонна қалдықтарды жинау ауданы 50 де 46 метрге дейінгі, қалдықтарды жинау биіктігі 2 метр болатын арнайы бөлінген алаңда жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай жинақтауды бақылаушы органдар да, кен орнындағы үшінші тұлғалар да назардан тыс қалдырмайтын еді. Уәкілетті органдар қалдықтардың жиналуының дәлелдерін сотқа берген жоқ. Әкімшілік құқық бұзушылық материалдары мен сот шешімдері қалдықтарды жинау фактісіне емес, қалдықтарды шығару туралы есепті деректерге негізделген.

Ұңғымаларды бұрғылау бойынша барлық жұмыстар кен орнында 2020-2021 ж.ж. алынған рұқсаттарға сәйкес, оларды беру кезінде қолданыста болған 2007 ж. Экологиялық кодексіне сәйкес жүзеге асырылды. Бұл ретте аталған Кодексте 2021 жылғы Экологиялық кодексте енгізілген "қалдықтарды жинақтау лимиттері" ұғымы жоқ. Бұл рұқсаттар өтпелі ережелерге, атап айтқанда 2021 жылғы Экологиялық кодекстің 418-бабының 8-тармағына сәйкес қолданысын жалғастырды, онда "қоршаған ортаға эмиссияларға арналған рұқсаттар, эмиссиялар нормативтері (бұдан әрі -Рұқсаттар мен құжаттар) 2021 жылғы 1 шілдеге дейін 1-ден тағайындалған объектілерде қызметті жүзеге асыратын операторлар алған" деп тікелей көзделген 2021 жылғы шілдеде I немесе II санаттағы объектілерге осындай Рұқсаттар мен құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін не осы Кодекске сәйкес экологиялық рұқсат алынған күнге дейін қолданылады".

Экологиялық рұқсаттарды уәкілетті органдар береді, олар 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін алынған рұқсаттың қаншасы қалдықтарды жинауға белгіленген лимиттерсіз қолданылуын жалғастыратынынан хабардар. Сонымен қатар, барлық жер қойнауын пайдаланушылар қалдықтарды басқару бойынша тоқсан сайын есептілікті ұсынады.

Осылайша ӘҚБтК, Кәсіпкерлік және экологиялық кодекстердің талаптарын бұза отырып, тексеру жүргізбестен, дәлелдемелер жинамай, компания 4 мың тоннадан астам көлемде қалдықтарды жинақтағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қалдықтарды жинақтау фактісі жоқ, қалдықтарды жинақтау лимиттері жоқ, бизнес субъектісінің дәлелдерін назарға алмай, әкетілген қалдықтардың көлемі бойынша есепті деректер негізінде айыппұл 13,6 млрд теңгені құрады. Бұл бюджетке және сәйкесінше облыстың әлеуметтік саласына түспейтін қаражат.

Мемлекеттік органдар қалыптастырып отырған тәжірибенің инвестициялық ахуалға ықпалына назар аудармауға болмайды. Инвесторлар үшін компанияның тұрақтылығы, заңдылығы және іскерлік беделі маңызды.

"Каспий мұнай" АҚ-ға айыппұл салудың заңсыздығы туралы ұстанымын "Атамекен" ҚР ҰКП, "KAZENERGY" қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы, "PetroMining" қауымдастығы қолдады. Қауымдастықтар Бас прокуратураға тиісті өтініштер жолдады. Бұдан басқа, "Атамекен" ҚР ҰКП және "Каспий мұнай"АҚ Президент аппараты мен Жоғарғы сотқа өтініш дайындап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу