Қазақстан U-21 құрамасы D тобына түсті. Қарсыластары – Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра.
Топтық кезең 2025 жылдың наурызынан 2026 жылдың қазанына дейін өтеді, ал қараша айында плей-офф матчтары ұйымдастырылады.
Топ жеңімпаздары мен үздік 2-орын иегері (6-орын алған командалармен ойындар есепке алынбайды) Еуро-2027 финалына тікелей жолдама алады.
Қалған сегіз 2-орын иегері плей-офф арқылы соңғы төрт жолдаманы сарапқа салады.
Финалдық турнир 2027 жылдың жазында Албания мен Сербияда өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу