Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Белекте (Түркия) оқу-жаттығу жиынында Өзбекстанның "Локомотив" командасымен жолдастық кездесу өткізді. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Ойынның 40-минутында Оралхан Өміртаевтың орындаған пенальти соққысын қарсылас қақпашысы сәтті қайтарды. Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды.
Кездесудің 67-минутында Қазақстан құрамасы сапынан Айбар Жақсылықов көзге түсті. Қарсылас командадан Акакий Шулая 86-минутта есепті теңестірді.
Жаттықтырушылар штабының шешімімен бұл ойын "жабық есік" форматында өтті.
Айта кетейік, бұл Әли Әлиевтің жетекшілігімен өткен Қазақстан құрамасының алғашқы ойыны болатын.
Команда келесі ойынын 17 ақпанда КХДР құрамасына қарсы өткізеді. Бұл кездесу де жабық форматта өтетін болды.
КХДР құрамасы – 1966 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарының қатысушысы. Сонымен қатар, 2010 және 2012 жылдары АФК Шақыру кубогында жеңіске жеткен.
Оқу-жаттығу жиындарынан соң наурыз айында Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі ойынын бастайды.
Топта Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларымен кездеседі.