Қазақстанда екі банк жұмысын тоқтатуы мүмкін

25933

Алайда тағы бір ірі банк пайда болады. 

Қазақстанда екі банк жұмысын тоқтатуы мүмкін Фото: kapital.kz

Қазақстанда банктердің саны екеуге азайып, бірақ тағы бір мегабанк пайда болуы мүмкін.

Дереккөздердің мәліметінше, ForteBank RBK Bank және Еуразиялық банкті сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Қазірдің өзінде Due diligence жүргізіліп, банктердің иелеріне бағаға қатысты ұсыныстар жасалуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Банкста Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Еуразиялық банкпен бәрі түсінікті. "Үлкен үштік" (Ибрагимов, Машкевич, Шодиев) тізгінді мұрагерлеріне берді, өз кезегінде оларда әкелеріндегідей тәртіп жоқ, мұны қаржы нарығындағы басқа ойыншылар пайдалануға тырысады.

RBK Bank-тің жағдайы басқа, олардың акционерлері бұрынғы президент Назарбаевтың отбасы айналасындағы "қамқорлықтан" айырылды, сол себептен де осал болып отыр.

ForteBank екі бәсекелесті ықтимал сатып алғаннан кейін Halyk Bank және Kaspi Bank-пен бірге Қазақстандағы ең ірі банктердің үштігіне кіруі мүмкін.

Қарапайым тілмен айтсақ, бұл ел экономикасында 3 мегабанк пайда болады деген сөз, тиісінше олардың шешімдеріне көп нәрсе байланысты болады. Егер де олар өзара келесімге келетін болса, онда Қазақстан үкіметінің қаржы-экономикалық блогына да өз шарттарын қоя алады.

Америкалықтар айтпақшы, "Too Big to Fail" (сәтсіздікке ұшырайтындай тым ірі). Сондықтан бұл жағдайда қаржы реттеушісі – Қазақстанның Ұлттық Банкі не істейтінін бақылау қызық болмақ. Ол жаңа колосстың құрылуына мүмкіндік бере ме әлде жоқ па – мұны алдымыздағы апталар көрсетеді.

Біріктірілетін банктердің клиенттеріне келсек, онда бірнеше нұсқа бар: а) олардан ешкім сұрамайды; б) мұндай жағдай осыған дейін де бірнеше рет болған; в) жағдайды қалай бар солай деп қабылдап, ForteBank өз клиенттеріне ұсынатын шарттарға мұқият зер салуға тура келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу