Газбен жүретін көліктер саны бір жылда 16%-ға өскен

 Министрліктің бөлген сұйытылған газ көлемі өңірлер қажеттілігін өтей алмайды.  

Газбен жүретін көліктер саны бір жылда 16%-ға өскен Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бір жыл жобасында елдегі газбен жүретін көліктердің саны 582 мыңнан 677 мыңға дейін бір-ақ жеткен. 

– Министрлік ай сайын өңірлер бойынша шамамен 130 мың тонна сұйытылған газ бөледі. Десе де, газ тарату көлемі өңірлердің қажеттілігінен 25-30 мың тоннаға немесе 23%-ға аз.

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, 2024 жылы газбен жүретін автомобильдер саны 677 мың болған немесе 2023 жылмен салыстырғанда 16% өскен, – деді министр өз баяндамасында.

Ведомство басшысы сұйытылған газ бағасының төмендігі аталған өнімді тұтынудың күрт өсуіне себеп болғанын алға тартты. 

Бұған дейін еліміздің 3 айда қанша млрд текше метр газ өндіргені белгілі болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу