Ол Украинадағы соғыс қимылдарын қазіргі майдан бойындағы сызықпен тоқтату мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Financial Times басылымына сілтеме жасап.
Ресей басшысы 4 толық басып алынбаған облыстың Киев бақылауындағы аймақтардың кейбіріне қатысты талаптарынан бас тартуға әзір екенін жеткізген.
Осы шешімді АҚШ бейбіт келісімге қол жеткізу пунктерінің бірі ретінде қарастырды. Вашингтон ресми түрде "Қырымды Ресейдің құрамында тануға және Кремльдің қазіргі бақылауындағы төрт өңірдің мәртебесін мойындауға дайын" деген идея ұсынды. Мұны қақтығыс басталғаннан бері Путиннің алғашқы ресми түрде өз талабынан уақытша бас тартуы деуге болады.
Десе де, Еуропа елдерінің бірқатар шенеунігі бұл ұсынысты "Трамп әкімшілігінің Украинаға қысымды күшейту амалы" деп бағаласа, енді екіншісі "Киевке айтылып жатқан қысым қатты. Трамптың жеңісін көрсету үшін оны келісімге мәжбүрлейді" дейді.
Ертең Лондонда Украина, Франция, Ұлыбритания және АҚШ өкілдерінің шұғыл кездесуі жоспарланып отыр. Ұсынылған келісім жобасында екі елдің әскерлері қазіргі сызық бойында тұрақтап, атысты тоқтату режимі орнатылуы тиіс.
Ал Зеленский Қырым аннексиясын ешқашан мойындамайтынын айтып, "Ол – "Украина жері, бұл – талқыға салынбайтын мәселе" десті. Бұл ойын жиі әрі ашық айтып жүр. Ресей өз кезегінде НАТО күштерінің Украинада болуына қарсы екенін тағы бір мәрте қатаң еске салды.
Путин 2022 жылғы қыркүйекте Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын аннексиялады, десе де қазіргі уақытта бірде-бірін толық бақыламайды. Ресей төрт аймақтың әкімшілік орталықтарының біразын ғана ұстап отыр.